Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бүгін Чехиямен кездеседі
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызШайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 14 мамырда, Қазақстан құрамасы Чехиямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын елорда уақытымен 23:20-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрамалар В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словения, Чехия, Швейцария, Словакия, Латвия.
Алғашқы кездесуінде чехиялық құрама Словакияны 3:2 есебімен сүріндірсе, Қазақстан буллитте Норвегияны 4:3 есебімен жеңді.
Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Барлық ойында Чехия құрамасының мерейі үстем болды.
Аталған құраманың хоккейшілерінің негізгі бөлігі өз елінің біріншілігіндегі клубтарда ойын көрсетеді. Сондай-ақ, АҚШ, Швеция, Ресей, Финляндия клубтарында ойнайтын хоккейшілер бар.
Былтыр олар әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінді.
Сондай-ақ, бүгін В тобында Словения - Канада, Норвегия - Швейцария құрамалары шеберлік байқасады.
Ал А тобында АҚШ - Венгрия, Франция - Дания, Швеция - Австрия ойнайды.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 12 мамырдан Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында басталды.