Азия чемпионаты: Қазақстандық ауыр атлеттер медальдар кестесінде бесінші орын алды

Азия чемпионаты: Қазақстандық ауыр атлеттер медальдар кестесінде бесінші орын алды

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел құрамасы медальдар кестесінде бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық додада ел құрамасы бір алтын, бір күміс, үш қола медаль алды.

Қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды.

Тағы бір қазақстандық Артем Антропов (109 келі) екінші орынға жайғасты.

Оған қоса Арли Чонтей ( 55 келі), Алексей Чуркин (73 келі), Андас Самарқанов (109 келі) қола жүлдегер болды.

Қазақстандық спортшылар дәл осындай көрсеткішке қол жеткізген Өзбекстан құрамасымен бесінші орынды өзара бөлісіп тұр.

Көш басында барлығы 14 медаль (9-5-0) алған Қытай тұрса, одан кейінгі орындардағы Тайваньның 5 (2-1-2), Оңтүстік Кореяның 10 (1-5-4), Таиландтың 6 (1-2-3) медалі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или