«Мені бауырсақ дейсің, ал сен - мен жейтін дөнерсің». Қазақстандық чемпион поп-ММА жұлдызына сес көрсетті

OCTAGON 45 турнирінде Дамир Төленов (9-0) Алманбет Абдывасы уулуға (11-6) қарсы жекпе-жекте чемпиондық титулын үшінші рет қорғайды. Бірақ содан бөлек бізді тағы бір қызық кездесу күтіп тұр.
Жартылай ауыр салмақтағы Еуразиялық промоушеннің чемпионы Карим Рузбакиев (9-1) ресейлік поп-ММА жұлдызы Даниял Эльбаевпен (9-5) кездеседі.
Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық файтер қарсыласы туралы ойын бөлісіп, бір кеште «Т-34-пен», сондай-ақ тағы бір атақты файтер Вячеслав Дацикпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.
– Карим, поп-ММА жұлдызы Даниял Эльбаевқа қарсы өтетін жекпе-жекті қалай қабылдайсыз?
– Басқа жекпе-жек сияқты бұл да мен жеңуім керек қарапайым қарсылас.
– Қарсыласыңыз қандай әсер қалдырады?
– Ол көп сөйлейді, ал мен сөйлесуге дағдыланбағанмын - мен тек жұдырықтасқанды ұнатамын.
– Эльбаевтың лақап аты - Т34. Ол бұған сәйкес келе ме, қалай ойлайсыз?
– Жоқ. Меніңше, оған көбірек жарасатын лақап ат – тоқаш (жымиып).
– Салмақ бойынша қарсыластың басымдығы бар. Осы жекпе-жек үшін арнайы салмақ жинайсыз ба?
– Менің барлық жекпе-жегімде қарсыластарымның салмағы менен кем дегенде 20 келі артық болады, мен бұған үйреніп қалғанмын.
– Эльбаев таяуда бокс ережесі бойынша Вячеслав Дацикпен жекпе-жек өткізді. Сіздің ойыңызша, ол жекпе-жекте қаншалықты сенімді көрінді?
– Мен кез келген ереже бойынша екеуімен бір кеште жекпе-жек өткізуге дайынмын.

– Елбаев екеуіңіз кафеде жеке кездесуде жанжалдасып үлгердіңіздер. Жанжалға не себеп болды және ол толығымен шешілді ме?
- Біздің күтпеген жерден кездесіп қалдық, айтарлықтай жанжал болмады. Бірақ қазір ол тым көп сөйлеп кетті, енді сөзіне жауап беруі керек.
– ММА жанкүйерлері сіздерден тартысты жекпе-жек күтеді. Эльбаевпен екеуіңіз жанкүйерлердің көңілін қалдырмайсыздар ма?
– Мен қашан да жанымды салып төбелесемін, бірақ кейде қарсыластарым соған сай жекпе-жек көрсетмейді. Егер Эльбаев бірінші раундта құламаса, жақсы жекпе-жек болады.
– Құпия болмаса, бұл жекпе-жекке не нәрсеге басымдық беруді жоспарлап отырсыз?
– Оны үшбұрыш әдісімен жеңгім келеді.
– Жекпе-жек төрешілер шешімімен аяқталу мүмкіндігі қандай?
- Ең бастысы, ол көзге көрінбейтін соққыдан құлап кетпесе болды, әйтпесе үш раундқа да дайынмын.
– Қарсыласыңызға тағы да үн қатқыңыз келсе...
- Әй, тоқаш! Сен мені бауырсақ дейсің, бірақ өзің - мен жеп жастап, сезбей қалатын дөнерсің.
Фото: OCTAGON