русский язык
Бокс

Қазақстан құрамасының капитаны әлем чемпионатында алтын жүлдеге таласады

Қазақстан құрамасының капитаны әлем чемпионатында алтын жүлдеге таласады

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда 71 келіге дейінгі салмақта Шымбергенов үндістандық Нишант Девпен кездесіп, ұпай саны бойынша басым түсті.

Осылайша, Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатының финалына шығып, «алтынға» таласады. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі) және Дулат Бекбауов (67 келі) де Қазақстанда финалға шыққан болатын.

Шымбергенов Азияның қазіргі чемпионы. Сондай-ақ әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;