Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегі өтетін күнді айтты

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі кезекті жекпе-жегі туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
«20 мамырда октагонға шығуды ұсынды, мен келістім, дайындықты бастадым, бірақ қарсылас менімен жұдырықтасудан бас тартты. Енді, Алла бұйырса, маусым-шілдеде кездесу өткіземін», - деді Жұмағұлов Instagram желісінде.
Айта кетейік, отандасымыз 6 мамырда Ньюарктегі UFC 288 турнирінде бразилиялық Рафаэль Эстеваммен кездесуі керек еді, бірақ қарсыласы салмақ шегін орындай алмай, жекпе-жек өтпей қалды.