Велоспорт

«Астананың» екі шабандозы «Джиро д'Италияның» 5-кезеңінде жарақат алды

«Астананың» екі шабандозы «Джиро д'Италияның» 5-кезеңінде жарақат алды

Қазақстандық «Астана» велокомандасының екі шабандозы «Джиро д'Италияның» 5-кезеңінде құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кристиан Скарони миы шайқалып, оң жақ шынтағы, жамбасы және тізесі жараланды. Ал Марк Кавендиштің денесінің оң жағы жерге сызылып, жараланды.

Айта кетейік, Марк Кавендиш мәреге аз қалғанда құлады. Мәреге бірнеше метр қалғанда құлаған Марк Кавендиш асфальтта сырғанап, мәре сызығын кесіп өтіп, басқа шабандоздар оның соңынан құлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0