Келесі аялдама – OCTAGON 45

Еуразиялық промоушен OCTAGON 45-тің постері таныстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
27 мамырда Алматыда өтетін жекпе-жек кешінің басты кездесуінде «Қазақ Сехудосы» Дамир Төленов (9-0) қырғызстандық файтер Алманбет Абдывасы ұлымен (11-6) жекпе-жекте жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді қорғайды.
Екінші маңызды жекпе-жекте ұйымның жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Кәрім Рузбакиев (9-1) ресейлік Даниял «Т-34» Елбаевпен (9-5) кездеседі.
Турнирде сонымен қатар: Теймур Жапаров, Аян Тұрсын, Нұрберген Шәріпов, Ержан Естанов, Мықтыбек Мамасалиев, Жұмабек Тұрсын, Иляр Асханов, Георгий Кичигин өнер көрсетеді.