русский язык
Ауыр атлетика

Алексей Чуркин Азия чемпионатында қола медаль алды

Ұлттық құрама өкілі Алексей Чуркин Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды.

Ол 73 кг салмақта қос сайыс нәтижесінде 340 келіні ырқыны көндірді. Отандасымыз жұлқа көтеруден кейін 154 килограммен 2-орында келе жатқан. Яғни, алғашқы жаттығуда күміс медаль. Ал серпе көтеру сынында ол 4-сатыға түсіп қалды (186 кг).

Бұл Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы 2-жүлдесі. Осыған дейін 55 кг дейінгі салмақтағы Арли Чонтей үздік үштікті түйіндеген. Алексейдің жарыстан кейінгі сұхбатын мына жерден көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;