Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы екінші жарыс күнінде медаль алмады

Катар астанасы Доха қаласында дзюдодан әлем чемпионатының екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін әлем чемпионатында Қазақстан атынан екі спортшы - Ғұсман Қырғызбаев пен Толғанай Әбеуова өнер көрсетті.
Алғашқы кездесуінде 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әбеуова оңтүстіккореялық спортшы Сеюн Жангқа есе жіберді.
66 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан өнер көрсететін Ғұсман Қырғызбаев та кореялық дзюдошыдан жеңілді.
Айта кетейік, кеше қазақ дзюдошысы Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында бесінші орын алған болатын.