Абиба Әбужақынова Дохадағы әлем чемпионатында 5-ші орын алды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Абиба Әбужақынова 48 келі салмақта әлем чемпионатында бесінші болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Абиба Әбужақынова 48 келі салмақта күрестен әлем чемпионатында үшінші орын үшін белдесуде италиялық Ассунт Скаттодан жеңіліп қалды.
Еске салайық, 48 келіге дейінгі категорияның 1/4 финалында ол серб Милиса Николичтен мықты болған еді.