Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов - Аарон Принс жекпе-жегінің толық видеосы
![Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов - Аарон Принс жекпе-жегінің толық видеосы](https://prosports.kz/upload/news/content//202305/472_193df80f4533cb4368d6eb316dca1ab8.jpg?v=28702458)
Бүгін бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалы аясындағы жекпе-жектер жалғасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Күндізгі сессияда екінші қазақстандық боксшы, 29 жастағы Асланбек Шымбергенов жекпе-жек өткізді. 1/16 финалда ол Тринидад және Тобаго елінің өкілі Аарон Принспен кездесті.
71 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.
Бокстан әлем чемпионатының кешкі сессиясында қазақстандықтар өнер көрсетпейді.
Еске салайық, бүгін 67 келіге дейінгі салмақта тағы бір қазақстандық спортшы Дулат Бекбауов 1/8 финалына шықты.