Қазақстан – Иран матчының тікелей трансляциясы

6 мамырда су добынан әлем чемпионатының II дивизионы топтық кезеңінің финалдық матчында Қазақстан құрамасы Иранмен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz .
Екі турдың қорытындысы бойынша екі құрама еншісінде 3 ұпайдан бар, А тобында екінші орынға таласып жатыр. Екінші орын алған құрама В тобының жеңімпазымен әлем чемпионатының суперфиналына берілер жоламаға таласады.
Қазақстан құрамасы турнирлік кестеде қосымша көрсеткіштер бойынша Ираннан төмен тұр, демек біздің спортшыларға тек жеңіс керек.
Қазақстан – Иран матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:30-да басталады.