Арли Чонтей ауыр атлетикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Арли Чонтей ауыр атлетикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан 2023 жылғы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz

55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.

Жұлқа көтеруде біздің спортшымыз үздік нәтиже көрсетті – 117 келі, серпе көтеруде Арли 4-орын алды (141 келі). Қазақстандық спортшы жалпы 258 келіні бағындырды.

Фото: olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или