Қазақстандық боксшы Мексикадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Евгений Павлов (9-0, 7 КО) 4 мамырда Гвадалахарада (Мексика) өтетін бокс кешінде кәсіпқой рингтегі оныншы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы мексикалық Кевин Родригес Гарсия (3-11, 1 КО) болмақ.
Жекпе-жек қарсаңында боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, Павлов жеңіл салмақтағы межені орындады