«Ювентус» келесі маусымдағы ойындардан шеттетілуі мүмкін

«Ювентус» келесі маусымдағы ойындардан шеттетілуі мүмкін

Жемқорлыққа қатысты дау-дамай салдарынан туриндік «Ювентус» келесі Еурокубок ойындарына қатыстырылмауы мүмкін.

БАҚ-та италиялық грандтың қаржы істерін УЕФА тексеріп жатыр деген ақпарат тарады. Егер «Ювентустың» кінәсі дәлелденсе, УЕФА-ның адал ойындар комитеті команданы келесі маусымда Еурокубок ойындарынан кемінде 1 жылға шеттетуі мүмкін.

Қазіргі уақытта «Ювентус» Еуропа Лигасының жартылай финалына шығуға тырысып жатқан турнир фавориттерінің бірі. Бірақ Еуропа Лигасында жеңімпаз атанған күннің өзінде УЕФА шешім шығарса, «ескі сеньор» келесі маусымдағы дисквалификациядан қашып құтыла алмайды. Егер италиялықтар жеңімпаз атанып, келесі маусымда ойыннан шеттетілсе, мұндай жағдай Еуропа Лигасы тарихында алғаш рет тіркеледі.

1993 жылы осыған ұқсас жағдай Чемпиондар лигасының жеңімпазы – франциялық клуб «Олимпик Марсель»-мен болған еді. Турнирдегі жеңісінен кейін, команда басшылығының басқа француздық клуб - «Валансьен»-мен келісімі туралы белгілі болды. Салдарынан олар УЕФА суперкубок ойындары мен құрлықаралық кубок ойындарынан шеттетілді, сонымен қатар клуб 1993/94 жылғы Чемпиондар лигасына дейін қатыстырылған жоқ.

Бірақ Еуропа Лигасы жеңімпаздарында мұндай жағдай турнир тарихында бірінші рет болуы мүмкін.

Алда «Ювентусты» Италия Футбол федерациясының аппеляциялық сотындағы тыңдалым күтіп тұр. Италия чемпионатындағы қаржылық фейр-плейді бұзғаны үшін «бьянконерри»-ден 15 ұпай алынып тасталған, бірақ кейінірек қайтарылды.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0