ММА

Сун Ядун UFC Fight Night 223 турнирінің басты жекпе-жегінде Рики Симонды жеңді

Сун Ядун UFC Fight Night 223 турнирінің басты жекпе-жегінде Рики Симонды жеңді

30 сәуірде Лас-Вегаста аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 223 кезекті турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қытайлық Сун Ядун АҚШ өкілі Рики Симонды жеңді. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті.

Кездесу төртінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Бұл Сунның UFC-дегі алтыншы жеңісі болды. Симон лигада төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, кештің алғашқы кардында Ресей атынан шығатын Қазақстан тумасы Ирина Алексеева UFC-де алғашқы кездесуін өткізіп, Швейцария өкілі Стефани Эггерді жеңді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0