18 жастағы қазақстандық файтер Алматыдағы турнирде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Алматыдағы OCTAGON 44 турнирінде ауыр салмақтағы жекпе-жектің жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz .
Кештің алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық Алдияр Жексенбиев (дебют) пен Полат Мурсалиев (1-0) кездесті.
18 жастағы Мурсалиев кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы ұйым чемпионы бахрейндік Магомед Магомедов (11-0) тәжірибелі қазақстандық файтер Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы титулын қорғайды.
Турнирде бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова, актер Еркебұлан Тоқтар, сондай-ақ атақты отандық файтер Олжас Есқараев өнер көрсетеді.