Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында спарринг өткізетін күнін атады
Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) чемпиондық атағын екінші рет қорғау алдында спарринг-сессия өткізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
<span>«Спаррингтің үшінші аптасы басталды! Бұйыртса осы апта соңы 12 раундтық спарринг жасаймыз. Аллаға шүкір, барлығы ойдағыдай өтіп жатыр. Әлем чемпионы титулын сәтті қорғап, көк ту желбіреген күнде жүздесейік</span><span>!» – деп жазды 30 жастағы боксшының командасы Инстаграм желісіндегі парақшасында.</span>
Жәнібек Әлімханұлы 13 мамыр күні Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) канадалық Стивен Батлерге (32-3-1, 26 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, әлем чемпионы белбеуін екінші рет қорғайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или