Қазақстандық боксшылар нокаутпен жеңіске жеткеннен кейін жекпе-жектерден шеттетілді
16 сәуірде қазақстандық боксшылар Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) мен Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) Помонада (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Әбілхан Аманқұл екінші раундта мексикалық Даниэль Эчеверрияны (21-11, 18 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.</span>
<span>Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақтағы венесуэлалық Эберт Рондонға (20-3, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.</span>
Осы жекпе-жектерден кейін Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы боксшыларға шектеу қойды. <span>Аманқұл мен Нұрмағанбетке </span>2023 жылдың 21 сәуіріне дейін жекпе-жек өткізуге тыйым салынды. Ал олардың карсыластарына 30 мамырға тыйым салынды. Бұл шара медициналық сипатта және боксшылар қалпына келуі үшін қолданылды.
Айта кетейік, екі қазақстандық боксшы да келесі жекпе-жектерінің күнін белгілеп қойған. <span>BoxRec мәліметінше, 6 мамырда Гвадалахарада (Халиско, Мексика) Аманқұл Хесус Моройоки Паломареспен (7-2-1, 4 КО), ал Нұрмағанбет венесуэлалық Аргенис Эспанмен (15-1, 14 КО) кездеседі. Екі жекпе-жек те 8 раундқа есептелген.</span>
Кештің басты жекпе-жегінде «Канело» WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпион Джон Райдермен (32-5, 18 КО) кездеседі.