«Каспий» командасына бас бапкер тағайындалды
Ақтаулық «Каспий» командасына бас бапкер қызметіне Солтүстік Македония елінің маманы Игор Ангеловски тағайындалды.
Игор Ангеловски Солтүстік Македония құрамасын 2020 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына алып шықты.
Ол 1976 жылы 2 маусымда дүниеге келген. Футболшылық мансабында 1996-2009 жылда өз елінің, Словения мен Сербияның командаларында доп тепті.
2013 жылдан бері Солтүстік Македония клубтары мен ұлттық құрамасына жетекшілік жасады.
2022 жылы словениялық «Горица» командасының тізгінін ұстады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или