Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді
Әуесқойлар арасындағы Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) проф рингтегі тоғызыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Помонада (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде ол екінші орта салмақтағы венесуэлалық Хеберт Рондонға (20-3, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізді. Сегіз раундқа созылған жекпе-жек бірінші раундта Нұрмағанбет техникалық нокаутпен ұтты.
Осылайша қазақстандық кәсіпқойлар арасындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или