Қазақстандық боксшы Оңтүстік Кореяда қарсыласын нокаутқа түсірді
Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжолов кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Инчхондағы (Оңтүстік Корея) бокс кешінде жергілікті спортшы Сук Хи Анмен кездесті. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған, бірақ үшінші раундта Аманжолов қарсыласын нокаутқа түсірді.
Осылайша Аманжолов мансабында бесінші рет жеңіске жетті.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов пен жапониялық Кадзуто Такесако WBO International титулын сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или