Әліп «Зениттегі» болашағы туралы айтты
«Зенит» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп петерборлық клубтағы болашағы туралы білмейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Зенитте қаламын ба? Қазірше ештеңе білмеймін, маусымға жақындағанда анық болады. Қазір жаттығу үстіндемін, бұл туралы әлі ойланбаймын», - деді Әліп Metaratings.ru сайтына.
Әліп «Зенитке» 2022 жылы желтоқсан айында «Қайраттан» ауысқан. 23 жастағы қорғаушы петерборлық команда сапында 21 ресми матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін жарамды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или