Юсуп Батырмырзаев Астанадағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан Юсуп Батырмырзаев Астанада өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
125 келіге дейінгі салмақта финалдық белдесуде Батырмырзаев моңғолиялық Лхагвагерел Мунхтурдан жеңіліп қалды. Жартылай финалда қазақ балуаны өзбекстандық Сардорбек Холматовқа еш мүмкіндік қалдырмады – 7:0.
Юсуп Батырмырзаев Токиодағы Олимпиада ойындарының қатысушысы, сонымен қатар 2020 жылғы Азия чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или