Қазақстан құрамасының қорғаушысы ҚХЛ клубымен келісімшартын ұзартты
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Леонид Металников Владивостоктың «Адмиралында» мансабын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қиыр Шығыс клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Металников командамен бір жыл мерзімге біржақты келісімшартқа отырды.
«Адмирал» тарихындағы ең үздік атанған 2022/2023 маусымында (команда Гагарин кубогының плей-офф кезеңінің 1/4 финалына шықты) Леонид Металников 72 матч өткізіп, «+1» пайдалылық көрсеткішімен 5 нәтижелі пас берді. .
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или