Видео. ЦСКА СКА командасын жеңіп, ҚХЛ Батыс конференциясының финалында көш бастады

Видео. ЦСКА СКА командасын жеңіп, ҚХЛ Батыс конференциясының финалында көш бастады

Мәскеулік ЦСКА ҚХЛ Батыс конференциясының финалдық серияның бесінші матчында сырт айдында СКА командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Санкт-Петербургте өткен кездесу 7:3 (2:2, 1:0, 4:1) есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. ЦСКА сапында Андрей Светлаков (13-минут), Михаил Григоренко (14, 33, 55 ), Константин Окулов (47, 59) және Максим Мамин (52) көзге түсті. Алаң иелері қатарында Александр Никишин (7), Эмиль Галимов (8) және Александр Волков (55) голдың авторы атанды.

ЦСКА 3-2 есебімен серияда көш бастады. Алтыншы ойын Мәскеуде 12 сәуірде өтеді. Басталуы Астана уақытымен 22:00-де.

фото: cska-hockey.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или