NBA-дағы плей-офф және плей-ин жұптары анықталды
Ұлттық баскетбол қауымдастығының 2022/2023 жылғы тұрақты маусымы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әр конференцияның үздік алты командасы плей-офф кезеңіне тікелей жолдама алды. Жетіден онға дейінгі орындарды иеленген командалар плей-ин кезеңінде 1/8 финалға екі жолдаманы сарапқа салады.
Регламентке сәйкес, плей-иннің бірінші раундында әрбір конференцияның жетінші командасы сегізінші командамен (бұл кездесудің жеңімпазы плей-оффқа өтеді), ал тоғызыншы команда оныншымен кездеседі. Екінші айналымда 7/8 жұбында жеңіліп қалған команда 9/10 жұбының жеңімпазымен ойнайды. Екінші раундта жеңіске жеткен команда өз конференциясының ширек финалына өтеді.
Плей-ин матчтары 11-14 сәуір аралығында өтеді. Плей-офф кезеңі 15 сәуірде басталады.
Плей-ин раундының жұптары (жақшада тұрақты маусымда командалардың алған орындары көрсетілген)
Батыс
«Лос-Анджелес Лейкерс» (7) – «Миннесота Тимбервулвз» (8)
«Нью-Орлеан Пеликанс» (9) – «Оклахома-Сити Тандер» (10)
Шығыс
«Майами Хит» (7) – «Атланта Хоукс» (8)
«Торонто Рэпторс» (9) – «Чикаго Буллз» (10)
Плей-офф бірінші раудының жұптары (жақшада тұрақты маусымда командалардың алған орындары көрсетілген)
Батыс
«Денвер Наггетс» (1) – Сегізінші нөмірдегі команда
«Мемфис Гриззлиз» (2) – Жетінші нөмірдегі команда
«Сакраменто Кингз» (3) – «Голден Стэйт Уорриорз» (6)
«Финикс Санз» (4) – «Лос-Анджелес Клипперс» (5)
Шығыс
«Милуоки Бакс» (1) – Сегізінші нөмірдегі команда
«Бостон Селтикс» (2) – Жетінші нөмірдегі команда
«Филадельфия Сиксерс» (3) – «Бруклин Нетс» (6)
«Кливленд Кавальерс» (4) – «Нью-Йорк Никс» (5)
Фото USA Today Sports, nba.com