Мырзағали Айтжанов допинг дауына қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі, 2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді. Бұл туралы бас бапкер Мырзағали Айтжанов та мәлімдеді.
- Мен командаға келген соң, қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертіп отырады. Тіпті, көшеден су ішуге болмайтынын да ескертеміз. Арнайы семинар да өткіздік бәрінің басын қосып. Ал Саматәлі достарының, таныстарының айтуымен витамин ішемін деген ойда болған.
Бүгінде одан екінші сынама алынады. Халықаралық комиссия шешеді бәрін. Қазір оны үйіне қайтардық. Жаттығу жиындарында жоқ. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында, - деп келтіреді бас бапкердің сөзін bassport.kz сайты.