Қазақстан құрамасының қорғаушысы ҚХЛ клубымен жаңа келісімшарт жасасты

Қазақстан құрамасының қорғаушысы ҚХЛ клубымен жаңа келісімшарт жасасты

Қорғаушы Джесси Блэкер «Автомобилист» хоккей клубымен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы екатеринбургтік клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 31 жастағы хоккейшімен жаңа келісімшарт екі жылға жасалды. 

Қазақстан азаматтығын алған канадалық хоккейші 2021 жылы «Автомобилистке» ауысты. Команда сапында ол ҚХЛ-да 100 ойынға қатысып, 36 ұпай (9+27) жинады.

Бұған дейін Блэкер ҚХЛ-да «Барыс», қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или