Джошуа Усиктен екі жеңілгеннен кейін бірінші рет жеңіске жетті
Сенбі, 1 сәуір күні Лондонда бокс кеші өтіп, британдық боксшы Энтони Джошуа америкалық Джермейн Франклинмен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz .
Жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен – 118-111, 117-111, 117-111 есебімен бұрынғы әлем чемпионының пайдасына аяқталды.
Джошуа алғаш рет рингке Александр Усиктен екі рет қатарынан жеңілгеннен кейін шықты. Қазір 33 жастағы британдықтың еншісінде 25 жеңіс (22-сі нокаутпен), үш жеңіліс. Франклин 21 жеңісімен 2-ші жеңіліске ұшырады (14 нокаутпен).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или