Сәуірде қазақстандық қай боксшы шаршы алаңға шығады
Сәуірде бірнеше қазақстандық кәсіпқой боксшы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
1 сәуірде Лонг-Бич қаласында (АҚШ) жеңіл салмақта бақ сынайтын Айдын Елжанов (6-1, 4КО) шаршы алаңға шығады. Ол мексикалық Хуан Эрнандес Мартинеспен (2-2-1) жұдырықтасады.
Сәуірдің 15-інде орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10КО) Оңтүстік Кореяда жапониялық Кадзуто Такезакомен (15-0-1, 14КО) кездеседі.
Осы бокс кешінде ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов (4-0, 3КО) та өнер көрсетеді. Оның қарсыласы әлі белгісіз.
Дәл сол күні Помонада (АҚШ) рингке супер орта салмақтағы Бек Нұрмағанбет (8-0, 6КО) пен орта салмақтағы Әбілхан Аманқұл (2-0, 2КО) шығады.
Бек Венесуэла өкілі Эберт Рондонмен (20-3, 13КО) кездеседі, ал Әбілханның қарсыласы әлі анықталған жоқ.
21 сәуірде Оломоуц қаласында (Чехия) бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Дәулет Дәукенов (11-2, 5КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы қазірше белгісіз.