Жәнібек Әлімханұлы отыз жасқа толды

Жәнібек Әлімханұлы отыз жасқа толды

Бүгін, 1 сәуірде WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) 30 жасқа толды, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы 1993 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы бар, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадаға қатысқан, Азия және Әлем чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Кәсіпқой бокста ол қазірше WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуіне қол жеткізді.

Әлімханұлы әуесқой бокста барлығы 308 жекпе-жек өткізген. Оның 300-інде жеңіске жетіп, 8 рет жеңіліске ұшырады.

Жәнібек кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінде колумбиялық Милтон Нуньесті 1-раундта нокаутқа түсірді. 2018 жылдан бері ол Калифорнияның Окснард қаласында тұрып, Джеймс Бадди МакГирттің жетекшілігімен жаттығып жүр. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 13 мамырда Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) Стивен Батлерге қарсы өткізеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или