«Канело» Биволмен қашан реванш өткізетінін айтты
Танымал мексикалық боксшы Сауль Альварес қыркүйекте Дмитрий Биволмен реванш өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік боксшы кейінгі жекпе-жегінде орта салмақтағы (76,2 келіге дейін) бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Гилберто Рамиресті жеңген болатын.
Канелоның келесі жекпе-жегі туған жері Мексикада өтеді. 6 мамырда Сауль ұлыбританиялық боксшы Джон Райдермен кездеседі.
Еске салайық, Альварес 2022 жылдың қыркүйегінде өткен кейінгі жекпе-жегінде қазақстандық ардагер Геннадий Головкинді жеңген болатын.
Фото: sportskeeda.com
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или