Нұрбол Сүлейменов: Мақсат біреу ол – Олимпиадалық рейтингте жоғары позицияны иелену

Нұрбол Сүлейменов: Мақсат біреу ол – Олимпиадалық рейтингте жоғары позицияны иелену

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Антальяда өтетін (Түркия) әлемдік Grand Slam жарысына қатысады.

«Құрама алдындағы мақсат біреу ол Олимпиадалық рейтингте жоғары позицияны иелену. Біз үшін әрбір Grand Slam жарысы, әрбір IJF турнирі Олимпиада ойындарына деген баспалдақ.

Антальядан кейін ұлттық құрама спортшыларыәлем чемпионатына қатысады. Одан кейін бізді Астана қаласында өтетін әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam күтіп тұр. Одан кейіншші негізгі жарыс Азия ойындары. Біздің мақсат осы аталған әрбір додада ел намысын абыроймен қорғау.

Сол үшін федерация басшылығы, ұлттық құраманың бапкерлер қосыны және дзюдошлар бірлесе аянбай еңбек етеміз», - дейді ұлттық құрама бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или