Үндістанға қарсы ҚПЛ-дың үш футболшысы ойнады
Қырғызстан құрамасы футболдан жолдастық кездесуде Үндістан құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Үндістандағы «Үш ұлт кубогы» турнирі аясында өтті. Қырғызстан құрамасында ақтаулық «Каспийдің» қақпашысы Ержан Токотаев, «Ақсудың» қорғаушысы Қайрат Жырғалбек ұлы және алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов ойнады.
Бұл үш елдің жолдастық турнирінің финалдық кездесуі. Бұған дейін Үндістан Мьянманы 1:0 есебімен ұтса, Қырғызстан Мьянмамен ойнап, 1:1 есебімен тең түскен болатын. Нәтижесінде Қырғызстан мен Мьянма бір-бірден, ал турнир қожайындары 3 ұпай иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или