«Атыраудың» бұрынғы ойыншысы Украина чемпионатының клубына ауысты

«Атыраудың» бұрынғы ойыншысы Украина чемпионатының клубына ауысты

Металлист 1925 клубу 35 жастағы жартылай қорғаушы Андрей Ткачукпен келісімшартқа отырғанын жариялады. Жартылай қорғаушымен келісім-шарт ағымдағы маусымның соңына дейін есептелген, деп хабарлайды Prosports.kz.

Житомир қаласының тумасы «Арсенал», «Ворскла», «Черноморец», «Минай», сондай-ақ Қазақстанның «Ақжайық» және «Атырау» командаларында ойнағанымен танымал. Соңғы бір жарым жылды ойыншы Карпатыда өткізді.

УПЛ-да Ткачук 245 матч өткізіп, тоғыз гол соққан. Харьков клубында жартылай қорғаушы 19-шы нөмірде ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или