Керемет камбэк: Қазақстан құрамасы Данияны жеңді

Керемет камбэк: Қазақстан құрамасы Данияны жеңді

26 наурызда Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш күн бұрын Астанада Словенияға есе жіберген Қазақстан құрамасы бүгін Даниямен кездесеті.

Магомед Адиев шәкірттері бұл ойында керемет камбэк жасап, жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы бірінші таймның өзінде екі гол өткізіп алған, бірақ екінші таймда қатарынан үш гол соғып айды аспанға шығарды. Жеңіс! Есеп - 3:2.

Қазақстан – Дания – 3:2 (0:2)

Гол соққандар: Хойлунн 21 (0:1), Хойлунн 36 (0:2), Зайнутдинов 73 (с пенальти – 1:2), Тағыберген 86 (2:2), Айымбетов 89 (3:2)

Алаңнан қуылды: Аймбетов 90+6 (Қазақстан)

Төреші: Джорович (Сербия)

26 наурыз 2023, Астана, «Астана-Арена»

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі келесі екі матчын сырт алаңда өткізеді. Атап айтқанда 16 маусымда Сан-Мариномен кездессе, араға үш күн салып Солтүстік Ирландияға қонаққа барады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или