Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатында мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Сингапурде өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы бесінші кездесуінде Таиланд құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық қыздар биылғы құрлық біріншілігінде Таиландты екінші рет ұтты – 13:8 (23 наурызда қазақстандық қыздар 16:10 есебімен жеңіске жетті). Кездесудің үздік ойыншысы болып Қазақстан құрамасынан Анастасия Миршина танылды.
Бесінші жеңісіне қол жеткізген Қазақстан құрамасы бәсекелестері үшін қолжетімсіз болып, Азия чемпионатының алтын жүлдесін мерзімінен бұрын жеңіп алды. Сингапурдағы сәтті өнерінің арқасында қазақстандық спортшылар Берлинде өтетін 2-дивизион бойынша әлем кубогына қатысу құқығына ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или