«Үш ұпай алуға тырысамыз». Нұралы Әліп – Данияға қарсы алдағы матч туралы
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Еуро-2024 іріктеуі аясындағы Данияға қарсы алдағы матч туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Дайындық қызу жүріп жатыр. Біз бірінші ойынымызды өткіздік, бірақ үш ұпай ала алмадық. Ертеңгі ойында үш ұпай алуға тырысамыз.
- Қазіргі бабыңыз туралы не айта аласыз, өйткені сіз «Зенитте» көп ойнамайсыз. Сондай-ақ, есіңізде болса, былтыр Әзербайжанға қарсы ойында қызыл қағаз алған едіңіз. Дания әлдеқайда күшті және бұл ойында алаңнан қуылу мүмкіндігіңіз көп деп айтуға болады. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылды?
– Қызыл қағаз алмаймын – бұл анық. Әзербайжанға қарсы матчта өз-өзімді ұстай алмадым. Ертеңгі ойынға келер болсақ, өзімді көрсетуге тырысамын.
– Шабуылды сіздің диагональ пастарыңызбен бастау туралы не айта аласыз? Словенияға қарсы матчта барлық шабуылымыз қорғаныс арқылы басталған.
– «Зенитте» әр жаттығуда жасаймыз. Әдемі футбол көрсетуге тырысамыз, өткен ойында біздің кейбір ойыншымыз шаршаңқырап қалды, сондықтан алыс пастар арқылы шабуылдадық.