Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингтегі 14-жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (13-0, 9КО) Болтондағы бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол аргентиналық Реукен Факундо Арсемен (15-9-2, 7 КО) жекпе-жек өткізді. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген, бірақ Зәуірбек бесінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингтегі он төртінші жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбектің бұған дейінгі жекпе-жегі 2022 жылы 15 сәуірде Лондонда өтіп, ол Николас Ботеллиді (14-8, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или