Қазақстан құрамасы су добынан Азия чемпионатында екінші рет жеңіске жетті
Сингапурде өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші кездесуінде Таиландпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz .
Бұл ойында қазақстандық ватерполшылар 16:10 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің үздік ойыншысы – Виктория Христанкова (Қазақстан).
Қазақстан құрамасы турнирде екінші рет жеңіске жетті, бұған дейін олар Сингапур құрамасын 12:7 есебімен ұтқан еді.
24 наурыз Астана уақытымен таңғы сағат 7:30-да Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстанмен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или