Елеусінов 22 жеңісі бар өзбек боксшысын нокаутқа түсірді

Елеусінов 22 жеңісі бар өзбек боксшысын  нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (10-2-1, 9 КО) Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елеусінов тәжірибелі өзбек Бахром Паязовпен (22-21, 15 КО) кездесті. Бұл жекпе-жек супер орта салмақта өтті және алты раундқа есептелген. Қазақстандық боксшы екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске етті.

Осылайша, Дәурен Елеусінов кәсіпқой мансабындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізсе, Бахром Паязов 22-ші жеңілісіне ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или