Алматыдағы бокс кешінің тікелей трансляциясы
21 наурызда Алматыда кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
32 жастағы жерлесіміз мексикалық Алехандро Менесестен (16-5, 9 КО) чемпиондық белбеуді тартып алуға тырысады. Менесес өткен жылдың 22 сәуірінде Ливерпульде британиялық Сэм Максвеллді (17-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, вакантты әлем чемпионы атағын жеңіп алған.
Тұраров – Менесес жекпе-жегінің андеркартында Елхан Табынбаев, Бекман Сойлыбаев, Дәурен Елеусінов және т.б. қазақстандық шеберлер өнер көрсетеді.
«Алматы Аренадан» тікелей трансляция Астана уақытымен 20:00-де басталады, оны «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.