Теннис

Үстел теннисінен Қазақстан Спартакиадасы басталды

Үстел теннисінен Қазақстан Спартакиадасы басталды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қарағанды қаласындағы Saryarka үстел теннисі орталығында Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, турнирде еліміздің кіл мықты спортшылары өнер көрсетеді: Кирилл Герасименко (Астана), Алан Курмангалиев (Қарағанды), Зауреш Ақашева (Қарағанды), Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Анастасия Лаврова (Астана), Денис Жолудев (Өскемен), Анель Бахыт (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Искендер Харки (Жамбыл облысы), Сағантай Құрмамбаев (Өскемен), Бақдәулет Әкімәлі (Шымкент), Айя Әлімбаева (Алматы), Владислав Захаров (Қарағанды) және басқалар.

Медальдар командалық есепте, жеке, жұптық және аралас разрядтарда ойнатылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер