Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

Бүгін Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының төртінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кешкі сессияда Қазақстан атынан Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) өнер көрсетті, 1/16 финалда ол колумбиялық Валерия Арболеда Мендосамен кездесті.

Екінші раундта біздің боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді, содан кейін шабуылын үдетіп, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или