«Канело» ұлыбританиялық боксшымен жекпе-жектен кейінгі келесі мақсатын атады

Мексикалық боксшы Сауль Альварес ұлыбританиялық Джон Райдермен жекпе-жектен кейінгі келесі мақсаты ресейлік Дмитрий Биволмен реванш болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
«Қазір біз бұл жекпе-жектен өтуіміз керек және кейін Биволмен реванш туралы сөйлесе аламыз. Бокста бәрі бәрінің айтқанындай болатынына ешқашан сенімді бола алмайсың», - деп келтіреді Альварестің сөзін Fight Hub TV.
Альварес былтыр мамырда Биволдан жеңіліп, жартылай ауыр салмақта Дүниежүзілік бокс қауымдастығының чемпионы бола алмады.
Альварес пен Райдер арасындағы жекпе-жек 6 мамырда Гвадалахарада өтеді.
Фото: Ed Mulholland/Matchroom
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или