OCTAGON «уақытша» чемпионы әзербайжандық файтермен кездеседі

OCTAGON лигасының жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы Әлішер Ғаббуллин (11-3) келесі жекпе-жегін Алматыдағы O43 турнирінде өткізеді, деп жазады Prosports.kz
Оның қарсыласы тәжірибелі әзербайжандық Фарид Алибабазаде (8-5-1) болады.
Еске салайық, 22 наурыздағы жекпе-жек кешінің басты кездесуінде жеңіл салмақ дәрежесінде Айваз Айдинов (5-1) Илимбек Акылбек уулумен (6-1) күш сынасады.
Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады