русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы екі титул үшін жекпе-жекке шығуға келісті

Жәнібек Әлімханұлы екі титул үшін жекпе-жекке шығуға келісті

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао және орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі арқылы екі титул үшін айқас өткізуге келісті.

Фалькао Головкин босатқан IBF титулын жеңіп алғаннан кейін Жәнібекпен шығуға дайын екенін айтты. Бұған қазақстандық боксшы оң жауап беріп, бәске екі титулды тігуді келісті.

Былтыр 12 қарашада Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын бірінші рет қорғап қалған еді. Ол Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) ұлыбританиялық Дензел Бентлиді (17-2-1, 14 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;