русский язык
Әлем футболы

Роналду Португалия құрамасына шақыртылды

Роналду Португалия құрамасына шақыртылды

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду Германияда өтетін 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчтарына Португалия құрамасына шақырылады.

The Athletic басылымының хабарлауынша, 38 жастағы Роналду Португалия ұлттық құрамасының 23 және 26 наурызда өтетін Лихтенштейн мен Люксембург құрамаларына қарсы өткізетін матчтарына қосылатын болады. Айта кету керек, бұл ойындар Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес үшін алғашқы ойындар болмақ.

Роналдудың Португалия сапындағы соңғы ойыны 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының ширек финалында өтті.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;