Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Октагонға қашан ораласыз?

— Егер титулды жекпе-жек болса, 5-6 айдан кейін октагонға шығуға дайынмын. Бірақ жартылай орта салмақта бәсеке өте жоғары. Сондықтан чемпионды жекпе-жек алдында тағы бір кездесу өткізуім керек деп ойлаймын. Келесі кездесуді жаз аяғында немесе күз басында өткізетін шығармын.

Айта кетейік, 5 наурызда Лас-Вегаста өткен кейінгі жекпе-жегінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилды үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или